Талль-Афарда ДАИШ ұрлаған 400 әйелдің тағдыры әлі белгісіз
Жел 19, 2022 18:06 Asia/Almaty
Ирактың Найнава провинциядағы Талль-Афар қаласының қолбасшысы: "2014 жылы ДАИШ ұрлаған 400 әйелдің тағдыры әлі белгісіз",-деді.
Талль-Афар қаласының қолбасшысы Қасым Мұхаммед Шариф дүйсенбі күні баспасөз отырысында: "ДАИШ 2014 жылдан бері Талль-Афар қаласынан 400-450 әйел мен қызды ұрлап әкетті. Олардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз",-деді.
Талль-Афар қаласының қолбасшысы әл-Хоул лагерінен тек бір ғана жанұя қалаға қайтқанын айтып: "Ұрланған 40-50 әйел Талль-Афарға қайтып оралды. Бірақ басқаларының тағдыры белгісіз",-деді.
Тегтер