Қаң 03, 2023 15:19 Asia/Almaty

Сионистік режимнің жаңа ішкі қауіпсіздік министрі жұмысының бірінші аптасында арандатушылық әрекетпен сионистердің басқа бір тобымен бірге әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің сионистік Ha'aretz газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша,  Итамар бен Гур сейсенбі күні таңертең бірқатар сионистермен бірге сионистік режим әскерилерінің қолдауымен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.

Сонымен қатар, сионистік режимнің 12 арнасы БҰҰ мен Мысырдың Беньямин Нетаньяхуға бір жолдауында Бен Гуер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасаса, үлкен проблемаға тап болатынын және ХАМАС-тың реакциясын ешбір күш тоқтата алмайтынын ескерткенін хабарлады.

Осыған байланысты Палестинаны азат ету ұйымы атқарушы комитетінің хатшысы Хұсейн әл-Шейх сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрінің әл-Ақса мешітіне шабуыл жасауын қаупін анық   деп тауып: «Бұл әрекет Палестинадан, араб елдерінен және басқа елдерден бұл әрекетке қарсы тұру үшін нақты жауап беруді талап етеді»,- деді.

 

Тегтер