Сейед Хасан Насролла: Сардар Сүлеймани діни биліктін сарбазы болды
Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысы: «Сардар Сүлеймани діни биліктін сарбазы болған. Ол қабіріне «діни биліктін сарбазы» деп жазылуын қалаған және ол осылай өмір сүрген»,- деді.
Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла генерал Қасеым Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандестің шәһид болғанының үш жылдығына орай сөйлеген сөзінде: «Қасым қажы қарсыласудың барлық салаларында үнемі болды. Өкінішке орай, кейбір адамдар Палестина топтарын ИИР-ның қолындағы құрал және оған тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Бірақ мүлде олай емес. Иран Ислам Республикасы – аймақтағы ұлы, маңызды, қабілетті және ықпалды күш. Шәһид қажы Қасым Сүлеймани қиын жағдайлар мен дағдарыстарда қарсыласу топтарын күшейтіп, үміт пен рух беруде үлкен рөл атқарды. Соңғы 20 жылда қажы Қасым қарсылық осінің байланыстырушы буыны болды. Жиырма жыл бойы шәһид Сүлеймани аймақтағы американдық бағдарламаның екі нұсқасымен бетпе-бет келіп, оларды сәтсіздікке ұшыратты. Біз Американың аймақтағы бағдарламасының үшінші нұсқасымен күресуге дайын болуымыз керек. Өйткені АҚШ-тың мақсаты – аймақта үстемдік ету және аймақтағы мұнай-газ ресурстары мен табиғи ресурстарды бақылау, сонымен қатар аймақтағы саяси шешімдер қабылдау.