Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрінің әл-Ақса мешітін қорлауына реакция білдірілді
Көптеген елдер сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрінің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылы мен қорлауына реакция білдіріп, оны қылмыстық әрекет деп санады.
Палестина қарсыласуының сионистердің әл-Ақса мешітіне кез келген шабуылы туралы қатаң ескертулеріне қарамастан, сейсенбіде бірқатар қоныстанушылармен бірге қатаң қауіпсіздік шаралары бойынша сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінің аулаларына шабуыл жасады.
Мысыр, Иордания, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жеке мәлімдемелерінде сионистік министрдің әл-Ақса мешітін қорлауын айыптап, сионистік режимді оның салдары туралы ескертті.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи де біртұтас Құдстың Палестинаның тұрақты және мәңгілік астанасы екенін және Палестинаның қасиетті жерлерін, соның ішінде әл-Ақса мешітін қорлау халықаралық ережелерді бұзудың және әлем мұсылмандарының құндылықтары мен қасиеттілігін қорлаудың үлгісі болып табылатынын, сондай-ақ мұсылман халықтарынын реакциясына ұшырайтынын жариялады.