Түркия Иранға зілзаладан зардап шеккендерге көмектескені үшін алғыс айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i67766-Түркия_Иранға_зілзаладан_зардап_шеккендерге_көмектескені_үшін_алғыс_айтты
Түркия Сыртқы істер министрі елде болған зілзаладан зардап шеккендерге көмектескені үшін ИИР-ға алғыс айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 19, 2023 21:20 Asia/Almaty
  • Түркия Иранға зілзаладан зардап шеккендерге көмектескені үшін алғыс айтты

Түркия Сыртқы істер министрі елде болған зілзаладан зардап шеккендерге көмектескені үшін ИИР-ға алғыс айтты.

Мевлют Чавушоғлы Адыяманда зілзаладан зардап шеккендер орналасқан лагерьлердің біріне барып, осы өңірдегі ИИР армиясының далалық ауруханасын көріп, Иранға зардап шеккендерге көмектесіп жатқаны үшін алғыс айтып, Иран үкіметі мен халқына денсаулық пен сәттілік тіледі.  

Иранның 50 адамдық ауруханасында жедел жәрдем бөлімі, радиология, зертхана, дәріхана, ота бөлмесі бар. Онда 12 дәрігер мен 63 медбике, жедел жәрдем, зертхана, ота және радиология қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.