Нетаньяху палестиналықтардың талабына көнді
(last modified Tue, 21 Feb 2023 08:25:22 GMT )
Ақп 21, 2023 14:25 Asia/Almaty
  • Нетаньяху палестиналықтардың талабына көнді

Сионистік режимнің Премьер-министрі Рамазан айына он күн қалғанда қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне басқыншылығын азайту туралы қауіпсіздік органы айтқан кеңеске құлақ асты.

«Кан» иврит тіліндегі арнаның дүйсенбі күні хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху сионистік режимнің екі реакцияшыл министрі Итамар бен Гавир мен Бецалель Смотричтің қатты қарсылығына қарамастан, Рамазан айына он күн қалғанда қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне басқыншылығын азайту туралы қауіпсіздік органы ұсынған кеңесті қабылдады.

Сионистік режим полициясының басшысы Якуб Шабтай басып алынған жерлерде азаматтық соғыс пен саяси террорлардың жаңа легі басталуы ықтималын ескертіп: «Ішкі жағдай өте күрделі. Саяси террорлар мен азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін»,-деді.

Бұған дейін сионистік режимнің басшысы Ицхак Герцог басып алынған жерлерде саяси қайшылықтардың күшеюі салдарынан азаматтық соғыс болу ықтималын ескертіп: «Израиль оқ-дәрі бөшкесінің үстінде отыр»,-деп ашық айтқан болатын.