Сионистердің құлдырау белгілері көрінді
Ливан Хизболласының Бас хатшысы сионистік режимде болған оқиғаларға тоқталып, бұл режимнің ақыры жақын екенін баса айтты.
Ливан Хезболласының Бас хатшысы Ардагерлер күніне орай сөйлеген сөзінде: «Ислам елі сионистік режимге қарсы Палестина халқын қолдауы керек. Жақында басып алынған жерлерде орын алған оқиғалардың барлығы сионистік режимнің жойылуының белгілері болып табылады»,- деді. Хизболла Бас хатшысы Иранның ядролық мәселесіне тоқталып: «Мен мыңыншы рет емес, жүз мыңыншы рет Иранның ядролық мәселесі мен Ливандағы оқиғалар арасында ешқандай байланыс жоқ екенін қуаттаймын. Ливан халқы жауға қарсы тежеу күшін құрды, тек Иран мен Сирия ғана Ливанға осы тежеу күшін құруға көмектесті»,- деп мәлімдеді.