Шамхани Иракқа аттанды
Адмирал Әли Шамхани бүгін таңертең Ирак астанасы Бағдадқа аттанды.
Бұл сапарда Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысына Орталық банктің басшысы, Сыртқы істер министрлігінің экономикалық орынбасары және Парсы шығанағы елдері бойынша Сыртқы істер министрінің көмекшісі еріп жүр.
Бұл сапар Шамханидің ирактық әріптесі Қасым әл-Аарджидің шақыруымен жүзеге асып отыр және бұл сапар барысында Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы да Ирак үкіметінің жоғары саяси және экономикалық қайраткерлерімен кездеседі. Шамханидің Иракқа сапары барысында бірнеше ай бойы талқыланып, алмасып келе жатқан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ортақ құжатқа екі елдің жоғары қауіпсіздік басшылары қол қояды.