Нау 25, 2023 18:00 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насралла Хезболла қасиетті Рамазан айында мұқтаждарды күнкөріспен қамтамасыз ету әрекетке баса назар  аударды

Ливан Хизболласының Бас хатшысы қасиетті Рамазан айында мұқтаж отбасылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насралла қасиетті Рамазан айындағы бірінші отырысында: «Біз елдің қалалары мен ауылдарындағы мұқтаж адамдарға ауызашар беру үшін жұмыс істеуіміз керек. Ақша немесе басқа түрде  мұқтаж адамдарға ауызашар таратуға көмектесетіндердің барлығы оның сауабын бөліседі»,- деді. Сейед Хасан Насралла мұқтаждар арасында ауызашар тарату жобасының әсіресе Ливанның қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайында өте маңызды екеніне назар аудартып: «Барша бауырларым мен апа-қарындастарымнан   өз қалалары мен ауылдарында ауыз ашпайтын ешкімді қалдырмауға талпынуды сұраймын»,- деп мәлімдеді.

Тегтер