Хамас: Сионистік режимнің қылмыстары бүкіл аймақты отқа орайды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының баспасөз өкілі сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне басқыншылығы мен қылмыстары жалғаса беретін болса, бүкіл аймақтың отқа орануына себеп болатынын айтты.
Сионистік режимнің әскерилері кейінгі күндері әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, 100 намазханды жаралап, кемінде 400 адамды қамауға алды.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының баспасөз өкілі Абдуллатиф Қану: "Сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне шабуылдарының жалғасуы және жағдайды өзгертуге талпынуы бүкіл аймақты отқа орап, аймақта бұрын-соңды болмаған діни соғыстың басталуына себеп болады",-деді.
Қану: "Палестина қарсыласу қозғалысы басқыншыларды қай жерде болса да, тауып алып, олардың жобаларын жеңіліске ұшыратады",-деді.