Хизбулла: Имам Хомейни (р.) Құдсты азат ету жолын белгілеп берді
Ливан Хизбулласының атқару кеңесінің басшысы: "Имам Хомейни (р.) Құдсты азат ету жолын белгілеп берді. Ол араб және ислам әлемін басып алынған жерлерді азат ету үшін бірігуге шақырған",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хашем Сафаеддин Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында Ливанда өткен "Құдс қалқаны: Иордан өзенінің батыс жағалауы жаңа ғасырға қарай" атты саяси отырысында сөйлеген сөзінде: "Имам Хомейни (р.) Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялаған кезде израильдік дұшпан іргетасының сілкінгенін сезді. Сол кездегі басшылар Иранда орын алған оқиға аймақты сілкінткен зілзаладай болды деген екен",-деді.
Сафаеддин: "Имам Хомейни (р.) Бейтулмұқаддас тек палестиналықтарға тиесілі емес, барша мұсылмандар мен әлемнің барлық азаттықты сүюшілеріне тиесілі",-деді.