Палестина Исламдық жиһад қозғалысы: Шейх Аднанның өміріне сионистік режим жауапты
Палестиналық Исламдық жиһад қозғалысы сионистік режимді тұтқында болған шейх Хезр Аднанның өмірі мен денсаулығына жауапты деп санап, ол шәһид болған жағдайда бұл режимнің ауыр құн төлейтінін мәлімдеді.
Палестина ақпарат орталығының хабарлауынша, Исламдық жиһад ұйымының ұлттық байланыстар бөлімінің басшысы Халид әл-Баташ барлық тиісті тараптар мен Палестина халқын тұтқындарға қолдау көрсетуге, әсіресе тұтқында болған Хезр Аднанның өмірін сақтап қалуға және сионистік режимге қысым көрсетіп, оны босатуға шақырды. Әл-Баташ: «Сионистік дұшпанның шейх Хизр Аднанға әділетсіз және негізсіз айыптар тағып, оған қарсы залымдық үкім шығару әрекеті ашық әрі әшкереленген қастандық болып табылады және мұндай қастандық сөзсіз аяқталмайды»,- деді.
Қазіргі уақытта Палестинаның құқықтық институттарының мәліметі бойынша, сионистік режим түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың саны шамамен 4900 адамға жетті.