Кесарияда Нетаньяху үйінің алдында шеру өтті
Жүздеген сионистік қоныстанушы жұма күні кешке Кесария аймағындағы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үйінің алдында шеру өткізді.
Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүздеген сионистік қоныстанушы Биньямин Нетаньяхудың Кесария аймағындағы жеке үйінің алдында сионистік режим кабинетінің осы режимнің сот жүйесінде реформалар енгізу жоспарына қарсылық білдіріп, наразылық шеру өткізді. Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қоныстанушылардың Нетаньяху үйінің алдындағы шерулері полиция күштерімен қақтығыстарына әкеліп, бірқатар шерушілердің жарақат алуына себеп болды. Шерушілер дауыс зорайтқыштар арқылы үкіметтің сот жүйесін реформалау жоспарына қарсы ұрандар айтты. Полиция қызметкерлері шерушілермен қақтығысып, дауыс күшейткіштерін тартып алды және адамдарды ыдыратты.
Шерушілер сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы қоныстанушыларды сот реформаларына қарсы сенбі күнгі шеруге қатысуға шақырды.