Иран мен Ирак қарым-қатынасын нығайту керек
Маусым 28, 2023 20:15 Asia/Almaty
Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Ирактың Премьер-министрі Мұхаммед Шиа ас-Судани сейсенбі күні телефон арқылы сұхбаттасып, екі елдің қарым-қатынасын нығайту керегін айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси мен ас-Судани бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, аймақ халықтарына береке-бірлік тіледі.
Сондай-ақ, қос тарап Теһран мен Бағдаттың түрлі салаларда байланысты нығайтуға ниетті екенін баса айтты.