Шіл 22, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Рамаллада палестиналық жас шәһид болды

Палестиналық дереккөз Рамаллада сионистік сарбаздардың қолынан палестиналық жастың шәһид болғанын хабарлады.

 

«Шахаб» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 18 жастағы палестиналық  Хани Фавзи Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Сабсатия қаласында (Рамалланың солтүстігінде) сионистік басқыншылардың тікелей атысынан қаза тапты.

Палестиналық дереккөздің хабарлауынша, тағы екі палестиналық  Наблустың солтүстік-батысында сионистік басқыншылардың тікелей атуынан жараланған. Сондай-ақ, ақпарат көздері жарақат алған тағы бір адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Кеше (жұма күні) 17 жастағы палестиналық  Мұхаммад әл-Байд Рамалланың солтүстігіндегі Умм Сафа ауылына сионистердің шабуылында шәһид болды.

 

Тегтер