Насролла: Ливан мен бүкіл аймақтың қиындығы – АҚШ
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Бейруттың оңтүстігінде шейх Афиф ән-Наблусиді еске салу рәсімінде АҚШ пен сионистік режимді Ливан мен бүкіл аймақтағы дағдарыс пен қиыншылықтардың басты себепкері деп атады.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Аймақтың басты қиындығы – АҚШ-тың барлық іске жан-жақты араласуы. Қазір АҚШ-тың еркіне бой ұсыну саясатымен бетпе-бет келіп отырмыз",-деді.
Сейіт Хасан Насролла: "Америкалықтар Ливанды электр қуатымен қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр. Биыл АҚШ-тың уәдесіне екінші жыл болды. Бірақ әлі күнге дейін электр қуаты Ливанға жетпеді. Өйткені АҚШ Мысырдан газ, Иорданиядан электр қуатын тасымалдауға тосқауыл қойып отыр. Бұған Цезарь санкцияларын сылтауратуда",-деді.
Сейіт Хасан Насролла: "АҚШ-қа, Үлкен сайтанға өз ашу-ызамызды көрсетуміз керек. Үстемшіл америкалықтар Ливанның жапа шеккен халқын электр қуатынан мақрұм қалдырды. Барлық қалыптағы қарсыласу америкалықтар мен израильдіктерді таң қалдырды. Біз қарсыласу топтарының жетістіктерінің арта түскеніне куә болдық",-деді.