Израильде халықтың 88 пайызы Нетаньяху кабинетіне сенбейді
Жаңа сауалнама нәтижесі бойынша, Израиль тұрғындарының 88 пайызы Нетаньяху кабинеті олардың өміріне зиян тигізді деп санайды.
Жұма күні "Маарив" газетінде басылып шыққан сауалнама нәтижесі бойынша, сайлау өткізілген жағдайда сионистік режим Кнессетіндегі 120 орынның 65-ін оппозициялық партиялар, 10 орынды араб партиялары және 45 орынды Нетаньяхудың радикал үкіметінің қазіргі коалициялық партиялары алады.
Иврит дереккөздерінің хабарлауынша, Сот реформасы туралы заң жобалары «Харедимдерді әскери қызметтен босату туралы» заң қабылданбайынша, Кнессетке ұсынылмайды.
Бұл дереккөздер бойынша, харедим партияларындағы Нетаньяхудың серіктестері Министрлер кабинетін таратамыз деп қорқытқаннан бірнеше күн өткен соң, Нетаньяху қоқан-лоққыларға көніп, «діндарларды» әскери қызметтен босататын заң жобасы бекітілгенге дейін Кнессетке сот реформалары туралы заң жобаларын ұсынбауға шешім қабылдады. Бұл заң 25 жылдан астам уақыт бұрын ұсынылып, сионистік режимнің көптеген кабинеттерін құлатты.
Нетаньяхудың Израильдегі, халықаралық сахнадағы және тіпті мемлекеттік коалициядағы орны сот органын шектеу жобасы, соның салдарынан туындаған ауқымды наразылықтар және оның әсіре оңшылдарға бағыныштылығы салдарынан қатты төмендеп кетті.
Қазіргі жағдайды сионистік режимнің ең ауыр ішкі дағдарысы деп атауға болады. Бұл жағдайды бұған дейін болған ішкі дағдарыстармен салыстыруға келмейді. Сионистер не Нетаньяхуды алып тастау туралы шешім қабылдауы керек, немесе сот жобасын бекітуге тосқауыл қоюлары тиіс. Бұл жоба барлық салаларға әсер етіп жатыр. Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, стартаптардың 85 пайызы өз компанияларын АҚШ-қа тасымалдап жатыр. Дамыған технологиялар саласында жұмыс істейтін ондаған компания кәсіби мамандардың иммиграциясы дағдарысымен бетпе-бет келді. Туризм мен қонақ үй саласы, армия мен Моссад Нетаньяхудың сот заңынан қатты зардап шегеді.
Израиль орталықтары жүргізген есептеулер бойынша, жуырда басып алынған Палестина жеріне миграция тоқтауы мүмкін. Өйткені Израильдің жағдайы оның алғашқы 50 жылындай емес. Басында бұл жер еврейлер миграциясының басты мақсаты болатын.
Егер Нетаньяху кабинетінің сот реформасы туралы жобасы бекісе, израильдіктердің иммиграциясы арта түсетіні айқын. Қазіргі таңда Израиль өнеркәсібінің барлық салаларында 15 мың инженер жетіспейді. Сондай-ақ Адам ресурстары комитетінің технология саласындағы бағалауы көрсеткендей, алдағы 5 жылда бұл салада 100 мың қызметкерге тапшылық байқалады.
Нетаньяху өткен күндері Ливанның оңтүстігінде арандатушы әрекеттерді өршіту арқылы және Сауд Арабиясымен қатынас орнату арқылы ішкі дағдарысқа сырттан нұсқа енгізуге тырысты. Алайда екі салада да жеңіліс тапты. Егер Нетаньяху дағдарысты шешу үшін ел ішінен жол таппаса, оның коалициялық кабинеті сөзсіз құлайды.