Насролла: Ливан жеріндегі кез келген қастандық жауапсыз қалмайды
(last modified Tue, 29 Aug 2023 09:02:59 GMT )
Там 29, 2023 15:02 Asia/Almaty

 Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысы Хасан Насролла сейсенбі күні кешке сионистік билікке ескерту жасап, Ливан жерінде Ливан, Палестина немесе Иран азаматы немесе басқа азаматтарға  жасалған кез келген қастандық жауапсыз қалмайды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насролла: «Біз Ливанның қайтадан террор алаңына айналуына ешқашан жол бермейміз және Израиль мұны жақсы білуі керек",- деді. Ол жаудың тарихи, физикалық және стратегиялық тығырықта тұрғанын және одан шығудың жолы жоқ екеніне тоқталып: "Ешқандай қауіп оның қарсылығы мен қозғалысын тоқтатпайды, керісінше табандылығы мен күшін арттырады",- деп тоқталды. Ливан Хизболласының Бас хатшысы мәлімдемесінің басқа бір бөлігінде Сирияның мұнайы мен газын АҚШ-тың талан-таражға салуына тоқталып: " Сириядағы ең маңызды мұнай және газ кен орындары Евфраттың шығысында орналасқан және американдықтар оны күн сайын тонап, бұл аймақтың қайтадан Дамаск үкіметінің бақылауына өтуіне кедергі жасауда",- деді.

 

Тегтер