Сардар Қаани: Палестина – Ислам әлемінің соғып тұрған жүрегі
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Арбағин зияратшыларының Кербалаға барар жолында палестиналықтардың шатырында: «Палестина ислам әлемінің соғып тұрған жүрегі»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арбағин шеруіне қатысу үшін Иракқа сапармен барған Исмаил Каани осы шеруге қатысқан ғалымдармен сұхбатында Палестина халқының имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбағин зияратшыларына қызмет көрсету үшін шеру шатыр құрғандарына ризашылығын білдіріп, қысқа сөзінде Палестинаны "Ислам әлемінің соғып тұрған жүрегі" деп атады және "Ислам әлемінің соққан жүрегі ешқашан тоқтамайтынын" қуаттады.
«Әл-Ақса шақыруы» және «Ләббәик уа, Хұсейн (ғ.с.), Ләббәик уа, Құдс» ұранымен құрылған бұл шатырдағы палестиналық ғалымдар ИИР-ның сионистік басқыншылық режим мен жаһандық тәкаппарлықпен күресте Палестинаның езілген халқын қолдауын жоғары бағалады.
Сардар Қаани Наджафтағы хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесіне зиярат еткеннен кейін Кербала жолындағы шатырлардың кейбіріне кіріп, осы олардың қызметшілерімен сөйлесіп, оларға алғыс айтты.