Сионистік режимнің басшысы: Дағдарыс шарықтау шегіне жетті
Сионистік режимнің басшысы: "Бұл режим осы күнге дейін ішкі саясатта мұндай дағдарысқа ұшырап көрген емес",-деп мойындады.
Сионистік режимнің басшысы Ицхақ Герцог сот реформасына қатысты сөйлеген сөзінде осы жобаның салдарлары туралы ескертіп: "Сионистік режим осы күнге дейін ешқашан ішкі саясатта мұндай дағдарысқа ұшырап көрген емес",-деді.
Ицхақ Герцог Құдсты басып алған режимнің бұрынғы басшысы Шимон Перестің жылдығында: "Израильдің сот реформасына байланысты бір терең дағдарысқа ұшырағанына 9 ай болды. Бұл экономика мен қауіпсіздікке қатты әсер етіп отыр",-деді.
Сионистік режимнің басшысы Министрлер кабинеті мен оппозициялық саяси топтар арасында дағдарысты шешуге қатысты келіссөздердің нәтижесіз болғанын айтып, тараптарды диалогты одан әрі жалғастырып, бір-бірін тыңдауға шақырды.