Нетаньяху: Мен Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеймін
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i72522
 Сионистік режимнің премьер-министрі БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде: «Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін бар күш-жігерімді саламын»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 23, 2023 13:22 Asia/Almaty
  •  Нетаньяху: Мен Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеймін

 Сионистік режимнің премьер-министрі БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде: «Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін бар күш-жігерімді саламын»,- деп мәлімдеді.

Нетаньяху Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде: "Араб елдерімен бейбітшілік Палестина халқымен бейбітшілік орнату мүмкіндігін арттырады; Бірақ палестиналықтардың араб елдерімен бейбітшілік келісіміне қатысты вето құқығы болмауы керек",- деді. Сионистік режимнің премьер-министрі сондай-ақ: "Иран ядролық келісімді бұзады, бірақ ешқандай жазаға тартылмайды және мен Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін бар күшімді саламын",- деп уәжденді.