Сионистер үшінші күн қатарынан әл-Ақса мешітіне басып кірді
Сионистік қалашық тұрғындары яһуди мерекесін тойлау сылтауымен үшінші күн қатарынан әл-Ақса мешітіне заңсыз басып кірді.
Al-Jazeera-ның дүйсенбі күні хабарлауынша, сионистік қалашықтардың экстремист тұрғындары қауіпсіздік күштерінің кең қолдауымен үшінші күн қатарынан әл-Ақса мешітіне басып кіріп, арандатушы әрекеттер жасады.
"Ейд ул-Арш" атты яһуди мерекесінің үшінші күнінде әл-Ақса мешітіне тағы құрметсіздік жасалды.
Исламдық вакф басқармасы: "Бүгін таңертеңнен осы уақытқа дейін мешітке 227 адам кірді",-деп мәлімдеді.
Сионистік қауіпсіздік күштері бүгін таңертеңнен бері әл-Ақса мешітінің қақпалары айналасына орналастырылды.
Сионистік қалашық тұрғындары кеше "Ейд ул-Арш" атты яһуди мерекесінің екінші күнінде әл-Ақса мешітіне басып кірді.
Сионистер әл-Ақса мешітінің әс-Селселе дарбазасында билеп, талмуд ғұрпын орындады.
Сенбі күні сионистер талмуд ғұрпын орындауды сылтауратып, қауіпсіздік күштерінің қолдауымен әл-Ақса мешітіне жақын жердегі "Соуқ әл-Қатанин" ауданына баса-көктеп кірді. Сионист әскерилер сондай-ақ дүкендерді жабуға мәжбүрледі.