Тулкарамда сионист әскерилерге ауыр соққы жасалды
Тулкарамда жарылған бомба салдарынан Израиль режимі полициясының бір офицері қаза тауып, он адам жараланды.
Al-Alam арнасының хабарлауынша, сионистік режимнің полициясы Тулкарамда жарылған бомба салдарынан майор Максим Разниковтың қаза тапқанын хабарлады.
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Тулкарам қаласында орналасқан "Нур-е Шамс" лагерінде бейсенбі таңертеңнен осы сәтке дейін қарсыласу күштері мен сионистік режим әскерилері арасында қатты қақтығыс болып жатыр.
Осы уақытқа дейін бұл қақтығыстарда 16 палестиналық қаза тапты. Олардың бірқатары дрондардың шабуылынан, басқа бір тобы басқыншы әскерилердің оғынан қаза тапты.
Сионистік режим ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарсыласу күштерінің қолдан жасалған бомбасының жол үстінде жарылуы салдарынан "Мұстарабин" бөлімшесінің 10 сарбазы жараланды.