Қаз 24, 2023 21:13 Asia/Almaty
  • Газада мыңдаған босқындар мен жараланғандар шұғыл медициналық көмек күтуде

Сионистік режим халықаралық қысым астында ұзақ мерзімді тексерулерден кейін Газаға шектеулі гуманитарлық көмек жіберуге келіскенімен, жіберілген көмек саны мен сапасы жағынан Газа халқының ауқымды қажеттіліктеріне жауап бермеді және жауап бермейді. Сондықтан сионистік режимнің тұрғын үйлер мен бейбіт тұрғындарға кең тараған шабуылдарынан туындаған адами апаттар, әсіресе осы режимнің шабуылдары әлі де жалғасып жатқандықтан, күн сайын кеңеюде.

 

Хан Юнис қаласының солтүстігіндегі әл-Қарара қаласы, Рафах қаласының батысындағы Тал әл-Сұлтан төңірегі, Бейт-Лахия қаласы, Джабалия қаласы және Дейр әл-Балах қаласындағы әл-Ақса ауруханасының маңы кеше түнде сионистердің шабуылдарының нысанасына айналды. Сионистік режимнің әскері осы шабуылдардың жалғасуын мойындай отырып, бүгін таңертең соңғы 24 сағатта осы аймақтағы 400 нүктеге шабуыл жасағанын хабарлады.

БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі арнайы мекемесі UNRWA бүгін таңертең осы шабуылдарда кем дегенде 135 палестиналық азаматтың шәһид болғанын мәлімдеп, сионистік режимнің шабуылдарынан 6 палестиналық қызметкердін де өлгенін хабарлады. Осыған сүйене отырып, шабуылдарды тоқтату Газада тұратын екі миллионнан астам бейбіт тұрғынға көмек көрсетудің алғышарты болып табылады.

Газадағы медициналық көздер Газа секторындағы индонезиялық аурухананың электр қуатының толығымен үзілгенін және оның өмірлік маңызды нысандарының жанармайдың таусылуына байланысты жұмыс істемейтінін хабарлады. Медициналық топ науқастарды емдеу үшін ұялы телефондарының шамын пайдалануда. Аппараттардың жұмыс істемеуі мен құрал-жабдықтың жоқтығынан дәрігерлер наркозсыз ота жасауға мәжбүр болуда. Жағдай өте нашар.

Сионистік режим соғыс басталғалы Газаның тұрғын және азаматтық аймақтарында фосфор бомбалары сынды заңсыз қаруларды қолданып, әдейі көбірек палестиналықтарды өлтіруге тырысты. Қазірдің өзінде Газаға шектеулі гуманитарлық көмек жіберуге келіскеніне қарамастан, ауруханаларға жанармай жеткізілуіне тосқауыл қою және азаматтық аймақтарға шабуылдарды жалғастыру арқылы бұл адамгершілікке жатпайтын ұстанымынан бас тартпай, палестиналықтардың адам шығынын арттыруға тырысуда.

 

  

 

 

 

Тегтер