Сирия Парламентінің төрағасы: Қарсыласу өзегі Израильмен күресті жалғастыра береді
Иранның парламенттік делегациясы Сирия Парламентінің төрағасымен кездесіп, оған Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының жолдауын жеткізді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хамуда Саббағ жексенбі күні Дамаскта Иранның парламенттік делегациясымен кездесіп: "Қарсыласу өзегі Израильмен күресті жалғастыра береді",-деді.
Хамуда Саббағ Қарсыласу өзегінің Палестина халқы мен қарсыласу күштерін қолдауды жалғастыра беретінін айтып: "Сирия мен Иран аймақта сионистік-америкалық қастандықтарға қарсы бірлесе әрекет етеді",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы басшысының орынбасары Ибрахим Азизи осы кездесуде: "Сионистік режим "Әл-Ақса дауылы" операциясында жеңіліс тапты және бұл жеңілістің орнын толтыра алмайды",-деді.