Израиль тұтқындары  Нетаньяхуға наразылық жолдады
(last modified Tue, 31 Oct 2023 14:49:08 GMT )
Қаз 31, 2023 20:49 Asia/Almaty
  •  Израиль тұтқындары  Нетаньяхуға наразылық жолдады

Әл-Қассам батальонындағы түрмедегі сионистік тұтқындардың бірқатары  бейне үндеу жариялап, сионистік биліктің өз бостандықтарына немқұрайлы қарауына ашуларын білдірді.

Осы тұтқындардың бірі: "Бізді қазір қайтарыңыз. Нетаньяху саяси және әскери тұрғыдан сәтсіздікке ұшырады және біз одан барлық тұтқындарды дереу қайтаруын сұраймыз",- деді.

SAMA ақпарат агенттігі осы израильдік тұтқынға сілтеме жасап, екі күн бұрын атысты тоқтату және барлық тұтқындарды босату туралы келіссөздер болғанын, бірақ Нетаньяху айтқанынан қайтқанын хабарлады. Ол «біз 7 қазаннан бері сіздердің (Нетаньяху мен сионистік билік) жеңілістеріңіз үшін тұтқындамыз» деп: "Соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатыңыз" деп талап етті.

Бұл сионистік тұтқын соңында Нетаньяхуға: "Сіз бәрімізді босатуыңыз керек еді. Бұл сәтсіздікке сізді жауапты деп санаймыз. Біз барымтада және өте қиын жағдайдамыз. 7 қазанда әскер жұмыста болмады. Сіз бізді өлтіргіңіз келеді",- деді.