Газадағы жалғыз онкологиялық диспансер жабылды
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Осы секторда онкологиялық ауруларға шалдыққандарға қызмет көрсететін жалғыз аурухана жанармай тапшылығы салдарынан жабылды",-деп хабарлады.
Al-Jazeera телеарнасының хабарлауынша, сионистік режимнің Газа секторын қоршап алуы жанар-жағармай мен электр қуатының тапшылығына әкеліп соқтырды, сондай-ақ су мен азық-түлік жеткізуге шектеу қойылды.
Газа секторындағы ауруханалар жарақат алғандарға лық толы, бірақ дәрігерлерде оларды емдеуге дәрі-дәрмек пен тиісті медициналық препараттар жоқ.
Түркия мен Палестинаның достық ауруханасы да жабылды. Газадағы 35 аурухананың 16-сы, 72 амбулаторлық клиниканың 50-і тиісті мүмкіндіктің болмауына байланысты жабылған.
Палестинаның Денсаулық сақтау министрі өз мәлімдемесінде: "Онкологиялық орталықтағы 70 науқастың жаны қыл үстінде",-деді.
Онкологиялық ауруларға шалдыққандар ғана емес, аяғы ауыр әйелдердің де денсаулығына қатер төніп тұр.