Сионистер Газадағы балалар ауруханасын бомбалады
(last modified Sat, 04 Nov 2023 14:37:11 GMT )
Қар 04, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Сионистер Газадағы балалар ауруханасын бомбалады

Сионистік армия айуандықпен Газадағы Әл-Наср балалар ауруханасын бомбалады.

Бүгін (сенбі) таңертең сионистік армия режимнің бомбалауынан құтылу үшін Әл-Наср балалар ауруханасын паналаған палестиналық босқындарды нысанаға алды.

Сионистік армияның осы аурухананың кіреберісіне жасаған шабуылында бірнеше палестиналық босқын шәһид болып, бірқатары жараланды.Кеше кешке сионистік режим  Газадағы әл-Шифа ауруханасының кіреберіс қақпасын бомбалады, оның салдарынан 60 адам  шәһид болды және жарақат алды.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газадағы бомбалауы салдарынан шәйіт болғандар санының 9227-ге жеткенін, оның 3826-сы балалар және 2405-і әйелдер екенін хабарлады.

Сионистер бұған дейін әл-Муамдани ауруханасын бомбалап, жүздеген адамды өлтірген болатын.

 

Тегтер