Жүзден астам лаңкес Түркия арқылы Сирияға кірді
Maм 13, 2016 08:18 Asia/Almaty
Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі «ән- Носрат майданының» жүзден астам лаңкес мүшесінің Түркия арқылы Сирияның Кафар- Хамра қаласына кіргенін мәлімдеді.
Сириядағы жауласушы тараптарды ымыраға келтіруші ресейлік орталық өз мәліметінде: "Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен улы заттарды тиеген бірнеше жүк көлігі Идлиб облысынан Сирияның Халеб қаласының солтүстігіндегі «ән- Носрат майданының» қарамағындағы аймаққа кірді" депхабарлады. Осы мәлімет бойынша, Сирияда 27- ші ақпаннан бастап уақытша ымыра орнатылған.
Тегтер