Газадағы ең үлкен аурухананың электр жарығы толығымен өшірілді
Палестина ақпарат көздері бүгін таңертең Газа қаласындағы Шафа ауруханасының электр қуатының толығымен үзілгенін және жаралылар мен науқастардың өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын хабарлады.
ИРНА-ның сенбі күні Палестина ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Газадағы Шафа ауруханасында электр қуаты үзілгеннен кейін аурухана ішіндегі журналистермен де байланыс үзілді. Сионистік режимнің бомбалауы мен артиллериялық атқылауы кеше түннен бүгін таңға дейін жалғасуда. Осы хабар көздеріне қарағанда, осы кезеңде Газа секторының әртүрлі аймақтары, әсіресе ауруханалар мен солтүстіктегі Бейт-Лахия қаласы мен Газа секторының орталығындағы Нусират лагері маңы ең ауыр шабуылдарға куә болды. Бір үйге жасалған шабуылда кемінде 7 палестиналық шәһид болып, ондаған адам жараланды.