Ливан Қауіпсіздік Кеңесіне сионистік режимге шағымданды
Қар 22, 2023 18:10 Asia/Almaty
Ливан Сыртқы істер министрі Абдаллах Бухабиб: "Израильдің бейбіт тұрғындар мен журналистерді нысанаға алу арқылы шиеленісті тудыратын әрекеттері тұрақсыздықты тудырады және қақтығыстар ауқымын кеңейтеді",- деді.
Бухабиб былай деп мәлімдеді: "Израиль журналистерді қасақана нысанаға алып отыр, бұл халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу және сөз және баспасөз бостандығына қысым жасау болып табылады. Біз Қауіпсіздік Кеңесіне журналистерге қасақана шабуыл жасағаны үшін Израильді сотқа беріп, осы ауыр қылмысты айыптауын сұраймыз".
Тегтер