Сионистік режим атысты тоқтату бітімін ұзартуға дайын
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i74048-Сионистік_режим_атысты_тоқтату_бітімін_ұзартуға_дайын
Израиль Премьер-министрі: "Көбірек тұтқындар босатылатын болса, атысты тоқтату бітімін ұзартуға дайынбыз",-деп уәж айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 27, 2023 20:52 Asia/Almaty
  • Сионистік режим атысты тоқтату бітімін ұзартуға дайын

Израиль Премьер-министрі: "Көбірек тұтқындар босатылатын болса, атысты тоқтату бітімін ұзартуға дайынбыз",-деп уәж айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху АҚШ Президенті Джо Байденмен телефон арқылы сұхбаттасып, осындай ұсыныс жасап: "Тағы 10 сионист тұтқын босатылатын болса, атысты тоқтату бітімін тағы бір күнге ұзартуға дайынбыз",-деді.

Израиль Премьер-министрінің кеңсесі өз мәлімдемесінде осы сөздерді растады.

Беньямин Нетаньяху: "Бітім уақыты аяқталғаннан кейін Израиль ХАМАС палестиналық қарсыласу тобын жою және қалған тұтқындарды қайтаруға тырысу мақсатында өзінің әскери операцияларын жалғастырады",-деді.