Сионистік режим Al-Jazeera тілшісінің жанұясын қырып тастады
Al-Jazeera арнасы сионистік режимнің Газаға шабуылдарында өзінің бір тілшісінің жанұясы түгелімен қаза тапқанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Al-Jazeera тілшісі Мүмін әл-Шарафи сионистік режимнің армиясын Газада тілшілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстары үшін соттауды сұрады.
Al-Jazeera арнасы осы қылмысқа қатысты тиісті органдарға шағымданып, сионистік режимнің басшыларын соттауды талап етіп, қажетті заңды шаралар атқарады.
Сионистік әскерилер бір үйге жарылғыш зат толы бөшке лақтырған. Соның салдарынан Al-Jazeera тілшісінің жанұясы түгел қаза тапқан.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сионистік режимнің 7 қазаннан бері Газаға жасаған шабуылдарында 16 мыңнан аса адам қаза тауып, 41 мыңға жуық адам жараланып, мың адам із-түссіз жоғалған.