Сионистік режим Дамаск маңындағы аудандарға әуе шабуыл жасады
Жел 29, 2023 20:50 Asia/Almaty
Сирияның ақпарат көздері сионистік режимнің Дамаск маңындағы аудандарға әуе шабуылы мен Сирия армиясының қорғаныс реакциясы туралы хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Сирияның әскери қайраткері Сирияның ресми ақпарат агенттігіне (SANA) берген сұхбатында: «Жергілікті уақытпен бейсенбі күні сағат 23:05 шамасында Израиль басып алынған Голаннан бірнеше зымыранмен Дамасктің оңтүстік аудандарындағы кейбір орталықтарға әуе шабуылын жасады. Cирия армияcsның әуе қорғанысы шабуылдаушы зымырандарға қарсы тұрып, олардың көпшілігін жойды. Аты аталмаған бұл әскери шенеунік бұл шабуылдың адам шығыны болмағанын және тек материалдық шығынмен шектелгенін айтты.