Айн әл-Асадта америкалық сарбаздардың миына тағы да зақым келтірілді
CENTCOM ұйымы жексенбі күні таңертең «Айн әл-Асад» базасына сенбі күні кешкі зымыран шабуылы кезінде бірқатар америкалық сарбаздың миының зақымдануын анықтап, сараптама жүргізіп жатқанын хабарлады.
|
CENTCOM мәлімдемесінде осы базада орналасқан американдық күштердің әуе қорғанысы зымырандардың көпшілігін ұстады, бірақ бұл шабуылда бір Ирак сарбазы жараланды. Бұл мәлімдемеде: «Ираншыл жасақтар Айн әл-Асад базасына қарай бірнеше зымыран мен баллистикалық зымырандар атқылады, біз келтірілген шығынды есептеп жатырмыз» делінген. Аты-жөнін атамауды өтінген америкалық шенеунік БАҚ өкілдерімен сұхбатында Ирактың батысындағы Айн әл-Асад базасына жасалған ірі шабуыл кезінде ел сарбаздары әртүрлі дәрежедегі жарақаттар мен шығынға ұшырағанын растады.
«Фокс Ньюс» де Айн әл-Асад базасын нысанаға алған зымырандардың Ирактың ішінен атылғанын хабарлады. Сенбі күні «Ирактың исламдық қарсыласуы» тобы мәлімдеме жариялау арқылы Айн әл-Асадтағы америкалық басқыншылардың орналасқан жеріне жасалған ауқымды зымырандық шабуылды өз мойнына алып, американдық сарбаздарға қарсы шабуылдарын жалғастыратынын баса айтты