Маусым 17, 2024 18:36 Asia/Almaty
  • Бен-Гвирдің қатынасы Израильдің әкімшілік құрылымының күйреуін көрсете ме?

Израильдің Ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир – бұл күндері сионистік режимнің Министрлер кабинетіндегі бір министр ғана емес, барлық іске бас сұғып, араласатын адам.

Бен-Гвир – жұмысының алғашқы күндерінде сионистердің басқа тобымен бірігіп, әскери қолдауға сүйеніп әл-Ақса мешітіне арандатушылық әрекетпен шабуыл жасаған адам.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің "Гаарец" газеті өз мақаласында: "Бен-Гвир полицияны басқарады. Оның жұмыс жүргізу саясатын өзгертті. Ол ғибадат тауына баратын яһудилерге немқұрайлы қарайды",-деп жазды.  

"Гаарец" газетінің тілшісі Гош Бринер осы мақалада: "Министр полиция қызметкерлеріне бұйрық беріп, тағайындауларға араласып, даулы офицерлерді жоғарылатады. Ол оппозицияны қорқытады және полицияға өзінің саяси доктринасын сіңірді",-деді.

Бұл мақалада: "Тіпті қауіпсіздік органдарының өзі Бен-Гвирдің қазір министрден әлдеқайда көп ішкі іске араласып кеткеніне ренжіп жатыр",-делінген.

Израиль полициясының бір қауіпсіздік қызметкері жақында Бен-Гвирдің бұйрығымен Тель-Авивте үкіметке қарсы шерушілер ұсталған соң: "Министр полиция күштерінің барлық қолбасшыларын үрейлендірді. Бен-Гвир полицияны басып алды",-деді.  

Оқиға былай болған еді: өткен сенбі кешке, яғни әдеттегідей демалыс күндері Тель-Авивте үкіметке қарсы шерулер өтті. Шерушілер ешбір көшені жауып тастамаса да, жергілікті уақыт бойынша кешкі онда Каплан-Бегин қиылысында оғаш бұйрық беріліп, полиция күштері су шашыратқыштармен іске кірісті. Еш себепсіз 33 ер мен әйел адам қамауға алынды. Полиция күштері басқа шерушілерді қатыгездікпен таратты.

Израиль Қарулы күштерінің бас штабының бастығы Хертц Халуви: "Израиль армиясына соғыстағы міндеттерін атқару үшін 15 батальон жетпейді",-деп ескертті.

Израиль армиясы резервтік күштерден тұратын батальондар құру арқылы бұл мәселенің уақытша шешімін табуға тырысып жатыр.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметі Газада соғыс басталғалы бері (9 айға жуық) армияға жаңа күш тарту үшін 40 млн-нан аса шекель, яғни 10 млрд 741 млн-нан аса доллар жұмсады.

Тегтер