Маусым 21, 2024 18:15 Asia/Almaty
  • Израиль – инвестиция салуға қолайсыз режим

Капиталистер Израильдің бұлыңғыр болашағынан сескеніп қашып жатыр.

Израильдің Газадағы соғысы мен палестиналықтарға қарсы қылмыстары жалғасып жатқан шақта капитал иелерінің басып алынған жерден эммиграциясы мен қашу процесі бұрын-соңды болмаған деңгейде өсті. Зерттеулер көрсеткендей, 2023 жылы инвесторлардың басып алынған жерлерден кетуге талпыну көрсеткіші 232 пайызға өскен.

Соңғы жылдары өз қылмыстарын ақтауға тырысқан Израиль Газада соғыс бастау арқылы Батыс елдерінің азаматтарына өзінің шынайы бейнесін көрсетті. Тіпті өткен онжылдықтарда бірінші рет Израиль миллионерлер баратын ең үздік 10 елдің тізімінен шығарылды.

Pars Today ақпарат агенттігінің "Бизнес Инсайдер" америкалық сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, 2023 жылы инвесторлардың басып алынған жерлерден кетуге талпыну көрсеткіші 232 пайызға өскен.

Тель-Авив бұдан былай әлемдегі капиталистер мен миллионер иммигранттарды тарту бойынша алғашқы ондыққа кірмейді. Бұл соңғы онжылдықтарда алғаш рет орын алып отыр.

Бұл туралы «Henley and Partners» компаниясы былай деп хабарлады: Үздіксіз соғыс сионистік режимнің инвестиция үшін қауіпсіз орын ретіндегі беделін жойып қана қойған жоқ, керісінше ол өзінің экономикалық жетістіктеріне қауіп төндірді.  

Осы британдық компанияның басып алынған жерлердегі клиенттерінің аға кеңесшісі Дени Маркони Газа секторындағы геноцидке байланысты сионистік режимнің халықаралық сахнада одан бетер оқшаулана түскенін айтып: "Соғыстың жалғасуы Израильден тыс жерде бизнесі және басқа да мүдделері бар ауқатты қалашық тұрғындарының алаңдаушылығын күшейтті",-деді.

Газа соғысы жалғасқаннан кейін кейбір елдер Тель-Авивпен дипломатиялық  қарым-қатынасты үзді. Бұл мәселе сионистік төлқұжатпен саяхаттауды қиындатады. Қазіргі таңда сионистер үшін жүріп-тұру, қоныс аудару қауіпті болып отыр.

«Henley and Partners» компаниясының кеңесшісі: "Сионистік режимнің миллионерлер баратын ең үздік 10 елдің тізімінен шығарылуын жер сілкінісіндей апатты оқиға деп атады",-деді.  

Израильдің Газадағы палестиналықтарға қарсы соғысында осы күнге дейін 37 мыңнан аса адам шәһид болып, мыңдаған адам жараланды. Сондай-ақ Израильдің Газа секторына шабуылдары мен енгізген шектеулері салдарынан Газа тұрғындары азық-түлік, су, дәрі-дәрмек пен отын тапшылығына ұшырап отыр. Бұл аймақтағы балалар мен қарттардың өміріне қауіп төніп тұр.   

Тегтер