Шіл 01, 2024 21:13 Asia/Almaty
  • Ирактың Қарсыласуы: Израиль Ливанға шабуыл жасаса, Американың аймақтағы барлық мүдделері біздің нысанамыз болады

Ирактың Қарсыласуды үйлестіру кеңесі жексенбі күні кешке мәлімдеме жасап: «Егер сионистік режим Ливанға шабуыл жасаса, біз Американың Ирак пен аймақтағы барлық мүдделерін нысанаға аламыз»,-деді.

Ирак Қарсыласуы сионистік режимнің Газа секторына шабуылдары басталғаннан бері осы режимнің ұстанымдарына қарсы операцияларымен мазлұмдағы Палестина халқын үнемі қолдап келеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Қарсыласу үйлестіру кеңесі мәлімдеме жасады: "Израиль режимі Ливанға шабуыл жасаса, Американың Ирак пен аймақтағы мүдделері қарсыласу күштерінің заңды нысанасына айналады".

Ирактың Қарсыласу күштері: "Палестинадағы қырғындардан кейін сионистік режиммен ымыраға келген араб елдеріне қатысты шешуші ұстанымдар ұстану керек",- деп баса айтты.

Бұған дейін Ирактағы «Асаиб Ахл әл-Хақ» қозғалысының бас хатшысы Қейс әл-Хазали мәлімдеме жасап, егер сионистік режим Ливанға шабуыл жасаса, Вашингтонның Ирактағы мүдделері нысанаға алынатынын ескертті.

Палестина қарсыласуының басқыншы күштерге қарсы "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері Ливанның исламдық қарсыласуы да басып алынған Палестинаның солтүстігінде басып алушы күштердің бір бөлігін тарту мақсатында ауқымды операция бастады.

Ливан Хизболласының заманауи қару-жарақ, сондай-ақ дұшпанның қару-жарағына қарсы және дәлдік қаруын қолдануы басқыншылар арасында үрей туғызып, басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі сионистік елді мекендердің көпшілігі көшірілді.

Сионистік режимнің әскери сарапшыларының пікірінше, Ливан Хизболласының бір өзі осы режим армиясының күш-қуатының жартысын солтүстік майданда шырмап, басқыншы армияның оңтүстік майдандағы қуатты болуының алдын алды.

Тегтер