Maм 19, 2016 17:39 Asia/Almaty
  • Велаяти: Сирия – қарсыласу өзегінің алтын тірегі

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Сирияны аймақтағы қарсыласу өзегінің алтын тірегі деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әлиакбар Велаяти сәрсенбі күні Теһранда Ирактың зиялы қауымының бірқатар өкілдерімен кездесуінде: «Егер Сирия бөлшектеніп, билігі құлатылып, Израиль режимі, Сауд Арабиясы және АҚШ-пен байланыстағы тәкфиршілдер үкімет басына келсе, іс жүзінде Ливанға да, Иракқа қа теріс әсерін тигізеді. Қарсыласу өзегі Ираннан басталып, Ирактан өтіп, Сирия, Ливан мен Палестинаға жетеді. Қарсыласу өзегі сионистік режим мен оның демеушілері АҚШ пен кейбір араб елдерінің экспансиялық саясаттарына қарсы тұрады»,-деп мәлімдеді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы дұшпандардың Иракты бөлшектеуге бағытталған қастандықтарына тоқталып: «АҚШ-тың бір әскери қолбасшысы бірнеше ай бұрын Иракты 3-ке бөлу қажеттігін айтқан болатын. Бұл Ирак халқына зиян тигізеді»,-деді.

Тегтер