Қыр 07, 2024 14:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың қолдауымен Ауғанстанда «Әл-Қаиданың» белсенділігі артты

Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы офицері, АҚШ арнайы операциялар қызметінің қызметкері Даг Ливермордың айтуынша, барлық қызыл шамдар анық жыпылықтап, Ауғанстандағы лаңкестік топтардың әрекеті туралы ескертуде.

 

«Foreign Policy» журналы өз баяндамасында «Талибан» Ауғанстандағы бақылауды қалпына келтіргеннен кейін бұл елде «Әл-Қаида» лаңкестік тобының ізі біртіндеп кеңейіп келеді, өйткені Талибан лаңкестік топтарды басып-жаншу үшін көп күш жұмсамайды, және бұл өз нәтижесін берді. Ауғанстандағы «Әл-Қаида» сияқты топтардың әрекетінің кеңеюіне әкелді.

Pars Тoday хабарлауынша, Foreign Policy журналының мәліметі бойынша, әл-Қаида 2024 жылы Ауғанстанда тоғыздан астам жаңа лаңкестік лагерьлер құрған. Бұл мәлімдеме рас болса, Ауғанстандағы Талибан тобына ауыр жауапкершілік жүктейді.

Бұл туралы саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Амин Фарджад былай деп айтады: "Америка Құрама Штаттарының мәлімдеуінше, Доха келісімі аясында тәліптер Ауғанстанда ешбір лаңкестік топқа, әрине, АҚШ қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін топтардың әрекетіне жол бермеуге міндеттеме алған. Осы себепті Ауғанстандағы Талибан билігіндегі лаңкестік топтардың әрекеті АҚШ үшін алаңдаушылық туғызбайды".

Ауғанстандағы кейбір хабардар адамдардың мәлімдеуінше, Талибан «Әл-Қаидаға» Пәнджшир алқабының қақ ортасында база мен оқ-дәрі қоймаларын құруға рұқсат берген. Талибан қозғалысының Ауғанстан шекарасының қауіпсіздігін күшейтуге шынайы мән бермеуі  «Әл-Каида», ДАИШ-тің Хорасан бөлімшесі және «Техрик-е-Талибан Пәкістан» сияқты лаңкестік топтардың Ауғанстандағы әрекеттерінің кеңеюіне себеп болды. Ауғанстан үкіметінің мәліметінше, 2021 жылға дейін елде 21-ден астам белгілі лаңкестік топ әрекет еткен және соңғы үш жылда бұл топтардың қызметі кеңейгені айтылады.

Бұрынғы Әскери-теңіз күштерінің офицері және АҚШ арнайы операциялар қызметінің мүшесі Даг Ливермордың айтуынша, барлық қызыл шамдар жыпылықтап, Ауғанстандағы лаңкестік топтардың әрекеті туралы ескертеді.

Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы «Әл-Қаида» лаңкестік тобы қазіргі уақытта Ауғанстанның 34 провинциясының кем дегенде 10-ында лагерьлер мен оқу-жаттығу базаларын құрды деп санайды, бұл «Әл-Қаида» лаңкестік тобы Ауғанстанның сыртынан әскер жинап, оларды дайындап жатыр деген сөз. Өйткені «Әл-Қаида» шетелдік содырлардан Ауғанстанға көшіп келуді және дұшпандарға қарсы шабуыл жасауға дайындалуды сұраған делінген.

Ауғанстанда лаңкестік топтардың бар-жоғы туралы нақты далалық ақпарат болмаса да, бұл мәселеге қатысты батыстық ортада жарияланған хабарлар алаңдатады. Американың осыған қатысты немқұрайлылығы сарапшылардың "Америка Ауғанстаннан шығу арқылы аймақтағы елдердің, соның ішінде Орталық Азия аймағының Қытай шекарасына дейінгі қауіпсіздігіне қауіп төндіру үшін бұл елді лаңкестердің көзіне айналдырып отыр" деген пікірін растай алады.  

 

Тегтер