ХАМАС Йеменнің Бен Гурион әуежайына зымырандық шабуылын мақтады
(last modified Mon, 26 May 2025 10:40:21 GMT )
Maм 26, 2025 16:40 Asia/Almaty
  • ХАМАС Йеменнің Бен Гурион әуежайына зымырандық шабуылын мақтады

ParsToday - ХАМАС қозғалысы Йемен армиясының Палестина қарсыласуын қолдауды жалғастыруын және оның жақында Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына тиімді зымырандық шабуылын мадақтады.

ХАМАС қозғалысы мәлімдеме жасады: «Біз Йемен қарулы күштерінің Палестина халқына қолдау көрсету және қарсыласу операцияларын жоғары бағалаймыз, оның соңғысы Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына тиімді зымырандық шабуыл болды».

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС Йемен халқының ұстанымдарын құрметті және мақтаныш деп санап, былай деп қосты: «Географиялық қашықтықұа қарамастан йемендіктер Палестинамен ынтымақтасуын және Газа секторындағы езілген Палестина халқын қолдауын тоқтатқан жоқ».

ХАМАС қозғалысы: «Йемен халқының құрметті ұстанымдарын бағалай отырып, біз барлық араб және мұсылман елдері мен әлемнің басқа да азат халықтарын Газада жалғасып жатқан қырғын соғысын тоқтату үшін белсенділіктері мен әрекеттерін арттыруға шақырамыз»,- деп баса айтты.

Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари жексенбі күні түстен кейін мәлімдеме жасап, елдің қарулы күштері бірегей әскери операцияда басып алынған Яффадағы (Тель-Авив) Бен Гурион әуежайын зымырандық шабуылдармен нысанаға алғанын хабарлады.

Сари операцияның гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен жүзеге асырылғанын және нысанаға сәтті тиіп, миллиондаған сионистердің баспаналарға қашуына және Бен Гурион әуежайындағы әрекеттердің тоқтатылуына себеп болғанын айтты.