Ансаролла: Иран Батыстың ең озық қаруларына қарсы тұрған бірінші ислам елі
(last modified Wed, 25 Jun 2025 09:42:46 GMT )
Маусым 25, 2025 15:42 Asia/Almaty
  • Ансаролла: Иран Батыстың ең озық қаруларына қарсы тұрған бірінші ислам елі

Pars Today - Йемендік Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы өз сөзінде Иранның сионистік режимге қарсы күнделікті зымырандық шабуылдарының өз тарихында құрмет пен ғиззт парағын тіркегенін баса айтты.

ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йемендік Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абду Салам кеше таңертең Иранның сионистік режимге қарсы зымырандық шабуылдары мен осы режимге қарсы атысты тоқтату туралы мәлімдемесі туралы: «Бұл шабуылдар оның тарихында ғиззт пен құрмет парағын тіркеді»,- деп мәлімдеді.
Ол: «Иран Батыстың ең озық қару-жарақтарымен жабдықталған дұшпанға қарсы тұрған және өзінің бейбіт ядролық құқықтарын сақтай алған алғашқы исламдық ел», -деп баса айтты.
Абду Салам: «Иран өткен шиеленісте Американың алдыңғы қатарлы базасы болып табылатын сионистік режиммен ғана емес, Американың өзімен және басқыншылармен қатар сапқа тұрған басқа да Батыс елдерімен шайқасты»,- деді.
Ол: «Иранның бейбіт ядролық құқын сақтаудағы және өзінің принципті ұстанымдарына табандылық танытудағы табысы дұшпанның жарияланған мақсаттарына жете алмағанын айқын көрсетеді деп баса айтты.