Израиль режимі Газаға ұшқышсыз ұшақ шабуылдары мен бомбалауын жалғастыруда
(last modified Sat, 28 Jun 2025 14:42:20 GMT )
Маусым 28, 2025 20:42 Asia/Almaty
  • Израиль режимі Газаға ұшқышсыз ұшақ шабуылдары мен бомбалауын жалғастыруда

ParsToday - Атысты тоқтату талпыныстар жалғасып, олардың нәтижеге жетуіне үміттер артып келе жатқан жағдайда, Газа секторында басқындардың ұшқышсыз ұшақтар шабуылдары, бомбалаулары, аймақтарды босату туралы ескертулері және тұрғын аудандарды қиратулары жалғасуда.

ParsToday агенттігінің Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль режимінің Газа секторына шабуылдары жалғасып, Израильдің ұшқышсыз ұшағы Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнистегі әл-Мавасидегі босқындар лагеріне жасаған шабуылында алты адам жарақат алды.
Палестиналық ақпарат көздері  Газа қаласының солтүстік-батысындағы Аднан әл-Алами босқындар мектебін бомбалау кезінде бірнеше адамның қаза тапқаны мен жараланғанын хабарлады.
Ауруханадағы ақпарат көздері көмек алу үшін кезекте тұрған 5 палестиналықтың Газа секторының орталығы Салах ад-Дин көшесінде Израиль әскерлерінің оқ атуы салдарынан жараланғанын және олардың Әл-Оуда ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
Сонымен бірге, басқыншылар Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия қаласының шығысындағы тұрғын үйлерді қиратты.
Сонымен бірге, Израиль армиясы Газа орталығына байланысты Әл-Нусайрат, Әз-Захра, Әл-Муғрақа, Әл-Нузһа, Әл-Бавади, Әл-Басма, Әл-Басатин, Бадр, Әбу Хурайра,  Әр-Рауза және Әл-Сафа аудандарының тұрғындарына аймақтардың бомбаланатыны және оларды  босату туралы ескерту жасады.
Басқа жақтан БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш көмекті Газа секторына тарату америкалық-сионистік әдісін қатаң сынап: «Бұл механизм осы аймақ халқының өлтірілуіне жауапты»,-деді.
Израиль режимінің Газа секторында, әсіресе гуманитарлық көмек күткен адамдарға қарсы қырғыны жалғасып жатқандықтан, атысты тоқтатуға қол жеткізу талпыныстары күшейіп, Газадағы геноцидтің тоқтатылуы үшін бұл талпыныстар нәтижеге жетеді деген үміт бар.