Вейцман сионистік зерттеулер институты: Тель-Авив таңқаларлық шығынға ұшырады
ParsToday - Сионистік Вейцман қару-жарақ зерттеу институтының басшысы дүйсенбі күні ИИР-ының зымырандық шабуылдарының осы зерттеу институтын қиратумен сионистік режимге таңқаларлық шығын келтіргеніне тоқталды.
Вейцман сионистік зерттеулер институтының басшысы: «ИИР-ның осы ғылыми-зерттеу институтына зымырандық шабуылдарының қалдырған қирау құны екі миллиард шекелді (сионистік режимнің ақша бірлігі) құрайды»,- деп мойындады.
Ол: «Осы ғылыми-зерттеу институтындағы микроскоптардың біреуін ғана сатып алу құны бір миллион доллардан асады және Иранның зымырандық шабуылдары 52 зертхананы қиратып, 60 басқа ғимаратқа шығын келтірді»,- деп қосты.
Иран Ислам Республикасы нысанаға алған ғылыми-зерттеу институты 1934 жылы басып алынған Роховот қаласында құрылған. Институт «Хагана» деп аталатын лаңкестік топ үшін қару-жарақ шығаратын жетекші ғылыми орталықтардың бірі болып саналады. Бұл топ сионистік режимнің орнауы кезінде лаңкестік әрекеттерімен палестиналықтардың арасында үрей тудырды.
Бұл ғылыми-зерттеу институты қару-жарақ саласында Израиль армиясы және Elbit Systems компанияларымен де ынтымақтасады.