Саддам соғысы мен Израильдің Иранға соңғы агрессиясы арасындағы төрт негізгі ұқсастық
ParsToday - Саддам шабуыл жасап, таңылған соғыс басталғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ағымдағы жылдың 13 маусым күні тағы Израиль режимнің таңыған соғысымен бетпе-бет келді. Бұл соғыс құралдары мен техникасына қарамастан, Иранға таңылған алғашқы соғыспен көптеген ұқсастықтарға ие.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың Иранға қарсы соғыс кезінде сол кездегі Ирактың диктаторы Саддам Иран Ислам революциясынан кейін таңдаулы әскери күштерінен айырылғанынан әлсіреді және соғыс бастап, Иран жерінің бір бөлігін бөліп ала алады, сөйтіп жеңісінің арқасында ұзақ уақыт билікте қала алатынына сенген.
Сионистік режим де Иранмен соғыстың басында солай ойлады. Бұл режим Иранның әскери қолбасшылары мен ғалымдарына қастандық жасап, шәһид ету арқылы елді жауап қайтару мүмкіндіктен айырады, содан кейін өзіне қарасты агенттерімен ел ішінде өзгерістер енгізуге жағдай туғызады және елді ыдырауға апарады деген оймен шабуылын бастады.
Алғашқы таңыған соғыста басидж жастары мен халық Баас күштеріне қарсы тұрғандай, бұл жолы да Иран халқы Моссад агенттеріне қарсы тұрып, оларды жеңді.
Екінші ұқсастық – соғыс басталғаннан кейін Иран құдіретінің жандануы
Ирак соғысында Саддам күтпеген жерден Иранның үлкен аумақтарын басып алуға тырысқанымен, ирандықтар халықты жұмылдыру арқылы соғыс өрісін өзгертті және екі жылдан кейін Баас партиясынан басып алған көптеген аймақтарды қайтарып алды.
Сионистік режимнің басқыншылығы мен таңыған соғысында да дәл осындай жағдай қайталанды. Израиль режимі бұл жолы тосындық принципін қолданып, соққы бере алды, бірақ басқа жағынан, Сақшылар корпусы қолбасшылары мен армия күштерінің батылдығы ойын алаңын бір апта ішінде тағы Иранның мүддесіне өзгерте алды. Ирандықтар жауға соғыста тең немесе артығырақ шығындануға тура келетінін көрсетті.
Үшінші ұқсастық: Кейбір елдердің басқыншы жаумен одақтасуы
Екі соғыстың үшінші ұқсастығы кейбір елдердің басқыншы жаумен одақтасуы болды. Иранға қарсы сегіз жылға созылған соғыста Ирак Франциядан Super Etendard ұшақтарын, Кеңес Одағынан МиГ ұшақтары мен зымырандарды, Германиядан химиялық қаруларды, АҚШ пен Ұлыбританиядан бомбалар мен басқа да түрлі қару-жарақтарды алды.
Иран бұл елдердің барлығымен соғысты, бірақ Иранға қару-жарақ сатылмады. Әлбетте Батыс елдері, тіпті кейбір араб елдері сионистік режимге Иранның шабуылдарына тойтарыс беру үшін айтарлықтай көмек көрсетті, бұл туралы хабарлар барлық жерде тарап жатыр.
Төртінші ұқсастық – әлем елдерінің агрессорды айыптамауы
Саддам өзінің заңсыз соғысын арабтарды Ираннан қорғау ретінде бастады және соғысты жалғастыру үшін оларды бопсалады. Қазіргі соғыста әлемнің барлық мұсылман және тәуелсіз елдері, Ресей мен Қытай бұл басқыншылықты айыптады, тек Батыс пен оның одақтастары бұл басқыншылықты айыптаудан бас тартты.
Еуропалықтардың бұл әрекеті олардың өздері жасаған ең айқын халықаралық ережелер мен заңдарды бұзғанын білдірді. Бұл сионистік режимнің Иранға қарсы жуырдағы әскери басқыншылығында тағы да қайталанды және әлемде бейбітшілікті қолдаймыз деген елдер бұл жолы дәстүрді бұзбай, аталмыш режимді қолдады.