«Сепехр аңызы» мен «Джульетта мен патша» Иранға марапаттар әкелді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82098-Сепехр_аңызы_мен_Джульетта_мен_патша_Иранға_марапаттар_әкелді
ParsToday - Иранның «Сепехр аңызы» анимациясы Танзанияда марапатқа ие болды.
(last modified 2025-12-05T11:01:34+00:00 )
Жел 05, 2025 15:23 Asia/Almaty
  • «Сепехр аңызы» мен «Джульетта мен патша» Иранға марапаттар әкелді

ParsToday - Иранның «Сепехр аңызы» анимациясы Танзанияда марапатқа ие болды.

ParsToday хабарлауынша, Эмад Рахмани мен Мехрдад Мехраби бірлесіп түсірген ирандық «Сепехр аңызы» анимациялық фильмі Танзанияда өткен төртінші халықаралық «Танзанит» анимациялық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл анимация Қытай, АҚШ, Ресей, Франция және Германияның жұмыстарымен бәсекелесіп, «толықметражды анимация» бөлімінде бас жүлдегне иеленді. Осы кезеңде фестиваль хатшылығына 60-тан астам елден жүздеген жұмыс жіберілді,  сондай-ақ, Англия, Италия және Иран сияқты үш елден қазылар алқасына ең көп жұмыстар жіберілді.

«Сепехр аңызы» анимациялық фильмінде ата-анасын құтқару үшін гепардпен бірге қауіпті құбыжықтармен шайқасқа шығатын Сепехр есімді жасөспірім баланың оқиғасы баяндалады. Бұл ирандық туындыда күш-жігер, отбасына бағытталғандық, қысым мен бағынбауға қарсылық, махаббат пен мейірімділік, басқаларға көмектесу және шынайы достық сияқты тақырыптар бар.

 

Иранның «Джульетта мен патша» анимациялық фильмі Канадада жарқырады

Ирандық Ашкан Рахгозар жазған және режиссерлік еткен «Джульетта мен патша» анимациялық фильмі Канаданың халықаралық эксперименттік фильмдер, би және музыка фестивалінде марапатқа ие болды. 14 ұлттық және халықаралық фестивальдерге қатысқан «Джульетта және патша» анимациялық фильмі жыл сайын қараша айында Канаданың Онтарио қаласында өтетін 11-ші Халықаралық эксперименттік фильмдер, би және музыка фестивалінде «Үздік фильм» ретінде алтыншы халықаралық марапатын алды. «Джульетта және патша» - Ирандағы батыс театрының қалыптасуының тарихи оқиғаларын баяндайтын комедиялық-романтикалық және музыкалық жанрдағы анимациялық фильм.