Газада күн сайын қанша палестиналық бала сионистердің қолынан шәһид болып жатыр?
(last modified Sat, 12 Jul 2025 14:14:42 GMT )
Шіл 12, 2025 20:14 Asia/Almaty
  • Газада күн сайын қанша палестиналық бала сионистердің қолынан шәһид болып жатыр?

ParsToday - Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының өкілі Газада шәһид болған палестиналық балалардың саны туралы статистикалық есеп берді.

ЮНИСЕФ-тің Палестинадағы баспасөз хатшысы Казем Әбу Халаф жұма күні кешке жасаған баяндамасында: «Палестина ақпарат кеңсесі мен ЮНИСЕФ жариялаған статистикаға сәйкес, 2023 жылдың 7 қазанында Газаға жасалған агрессия басталғаннан бері кемінде 18 мың палестиналық бала шәһид болды»,-деді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әбу Халаф: «Газа секторындағы соғыс салдарынан күн сайын 27 палестиналық бала өмірінен айырылады»,- деп қосты.

Ол: «Газа секторындағы өлтірудің осы көлемін ақтау мүмкін емес», - деді.

Осы аяда «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы жаңа есеп беруінде Израиль шабуылының басынан бері Газада бала өлімінің 10 есе өскенін хабарлады және «Құрбандардың басым көпшілігі жарылыстардан қаза тапты» деп жариялады.