Йемендік талдаушы: Ормуз бұғазын күшпен ашу мүмкін емес
ParsToday – Йемендік жазушы және талдаушы: Дұшпан Ормуз бұғазын күшпен аша алмайды.
ParsToday хабарлауынша, Аднан Абдулла аль-Джонейд йемендік жазушы және талдаушы ИРНА-ға берген сұхбатында: «Дұшпанға қазірге дейін соғылған соққы – Қарсыласу осінің мүмкіндіктерінің шағын бөлігі ғана, әлі бірегей мүмкіндіктер мен жеңіс карталары майданға енгізілмеген»,- деді.
Ол: «Газада тұтқындарын азат ете алмаған, Баб-эль-Мандеб пен Қызыл теңізден қашқан дұшпан Ормуз бұғазын әскери күшпен аша алмайды, керісінше әскери, саяси және экономикалық тұрғыдан Парсы шығанағында батып кетеді»,- деп қосты.
Аль-Джонлейд: «Бүгінгі шайқас теңіз өткелдері үшін емес, ерік-жігер үшін шайқас, бүгін бәрі Қарсыласу осінің ерік-жігеріне байланысты»,- деді.
Ол: «Ормуз бұғазына шабуыл жасау әрекеті – соқыр құмар ойын сынды, заманның Перғауыны шындықты көреді, бірақ өткен оқиғалардан сабақ алғысы келмейді»,- деп айтты.