Наим Қасым: Тегін жеңілдіктер беру уақыты аяқталды
ParsToday- Ливан Хизболласының басшысы сионистік режимінің Ливанға қарсы қатыгез шабуылдарына сілтеме жасап, оны Қарсылық жауынгерлеріне қарсы дәрменсіздікпен байланыстырып, «тегін жеңілдіктер беру уақыты аяқталды» деді.
ParsToday хабарлауынша, шейх Наим Қасым, Ливанның Хизболласының басшысы: «Сионистік жау шайқас даласында қарсылықтың батыл жаунгерлеріне қарсы дәрменсіз болды және ешнәрсе жасай алмады» деп мәлімдеді.
Ол былай деп қосты: «Жау 40 күннен асқан барлық жабайы шабуылдары кезінде сионистік тұрғын аудандарына, жақын немесе Хайфаға дейін және одан әрі атылған зымыран, миномет және дрондарды тоқтата алмады».
Шейх Наим Қасым былай деп баса айтты: «Жау қарсылықтың тактикасынан, жауынгерлердің қорғаныс қабілеттерінен және олардың теңсіз батылдығынан таң қалды және дәрменсіз болды. 100 мың сионистік сарбазын пайдалану оларға көмектеспейді және олар талқандалады».
Ол былай деп қосты: «Жау сәрсенбі күні Бейрутте, шетінде, оңтүстікте, Бақа, Ливан таулары және Ливанның басқа аймақтарында қанды қылмыс жасады және даладағы дәрменсіздігін жасыру мақсатында тығыз қоныстанған аудандарда, ауылдарда және қалаларда бейбіт тұрғындарды нысанаға алды. Ливан халқы жау ойлағаннан әлдеқайда күшті және қатал».