Халифе әулеті шейх Салманға қарсы әділетсіз үкім шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i8515-Халифе_әулеті_шейх_Салманға_қарсы_әділетсіз_үкім_шығарды
Халифе әулеті режимі Бахрейн халқының революциясын басып- жаншуын жалғастыруында осы елдің ұлттық бірлік исламдық жамиғатының бас хатшысына қарсы әділетсіз үкім шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 30, 2016 20:46 Asia/Almaty
  • Халифе әулеті шейх Салманға қарсы әділетсіз үкім шығарды

Халифе әулеті режимі Бахрейн халқының революциясын басып- жаншуын жалғастыруында осы елдің ұлттық бірлік исламдық жамиғатының бас хатшысына қарсы әділетсіз үкім шығарды.

Бахрейннің Аппеляциялық Соты Бахрейн ұлттық бірлік исламдық жамиғатының бас хатшысы шейх Әли Салманды төрт жыл бас бостандығынан айыру үкімін 9 жылға ұлғайтты. Бахрейн ұлттық бірлік исламдық жамиғаты өзінің бас хатшысына шығарылған үкімді арандатушы және қабылдауға келмейтін үкім деп атап: "Бұл үкім елдегі саяси дағдарыстың жалғасуына себеп болады" деп мәлімдеді.